Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің жүлде қоры белгілі болды. Ұйымдастырушылар 2024 жылы ақшалай сыйлықтарды өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жекелей сында жеңімпаз болған теннисшілер 2 110 500 АҚШ долларын алса, финалға өткен спортшыларға 1 155 750 АҚШ доллары төленеді. Ал жұптық сында жеңіс тұғырынан көрінгендер 244 000 АҚШ долларын иемденеді.
Еске салайық, әйелдер арасындағы жекелей сында титулға басты үміткерлердің бірі – қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. "Үлкен дулыға" турнирінің басты фавориті – польшалық Ига Швентек, ал екінші орында беларусиялық Арина Соболенко. Өткен жылғы турнирде Рыбакина финалға жетіп, Соболенкодан жеңіліп қалған еді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурндағы теннис кортында ресейлік спортшы Вероника Кудерметовамен "Үлкен дулыға" турниріне дайындалып жатыр. Спортшылардың жаттығу сәтіндегі видеосын Елена Рыбакинаның жанкүйері X желісіне жүктеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2055446-tennisten-ulken-dulyga-turnirinin-zulde-qory-belgili-boldy/