jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина Australian Open турниріне дайындық өткізуде (видео)

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: instagram.com/adelaideinternational

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионаты алдында жаттығу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ X желісіндегі Sebastien G. парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші Мельбурндағы теннис кортында ресейлік спортшы Вероника Кудерметовамен бірге жаттықты. Олардың жаттығу сәтінде түсірілген видеоны Елена Рыбакинаның жанкүйері X желісіне жүктеді.

    Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі алғашқы қарсыласы – әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық теннисші Каролина Плишкова. Оны жеңсе, Испания өкілі Кристина Бучамен немесе Ресей спортшысы Анна Блинковамен сынға түседі.

    Еске салайық, Рыбакина Аделаиде (Аустралия) турнирінің ширек финалында әлемнің 21-ракеткасы, ресейлік теннисші Екатерина Александровадан жеңіліп қалған еді.

    Елена Рыбакина Australian Open турниріне дайындық өткізуде (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.