jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен "Үлкен дулыға" турнирінің жүлде қоры белгілі болды

    Елена Рыбакина мен Арина Соболенко (солдан оңға қарай)
    Елена Рыбакина мен Арина Соболенко (солдан оңға қарай). Фото: Julian Finney/Getty Images

    Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің жүлде қоры белгілі болды. Ұйымдастырушылар 2024 жылы ақшалай сыйлықтарды өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жекелей сында жеңімпаз болған теннисшілер 2 110 500 АҚШ долларын алса, финалға өткен спортшыларға 1 155 750 АҚШ доллары төленеді. Ал жұптық сында жеңіс тұғырынан көрінгендер 244 000 АҚШ долларын иемденеді.

    Еске салайық, әйелдер арасындағы жекелей сында титулға басты үміткерлердің бірі – қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. "Үлкен дулыға" турнирінің басты фавориті – польшалық Ига Швентек, ал екінші орында беларусиялық Арина Соболенко. Өткен жылғы турнирде Рыбакина финалға жетіп, Соболенкодан жеңіліп қалған еді.

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурндағы теннис кортында ресейлік спортшы Вероника Кудерметовамен "Үлкен дулыға" турниріне дайындалып жатыр. Спортшылардың жаттығу сәтіндегі видеосын Елена Рыбакинаның жанкүйері X желісіне жүктеді.

    Теннистен "Үлкен дулыға" турнирінің жүлде қоры белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.