jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында 14 жүлде жеңіп алды

    Нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрамасы
    Нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kazsports.kz

    Нысана көздеуден Джакарта қаласында (Индонезия) өткен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жарыстың соңғы күнінде нысана көздеуден Қазақстан ұлттық құрамасы 3 күміс медаль иеленді.

    Атап айтқанда, Фатима Ирназарова жылжымалы нысана көздеуден (10 метр) Қатар спортшысына есе жіберіп, екінші орын алды. Ерлер арасында Асадбек Назиркульев 377 ұпай жинап, өзінің жаңа рекордын тіркеді. Бірақ бұл ұпай алтын жүлде еншілеуге жетпеді. Командалық сында Андрей Худяков, Илья Зотеев пен Асадбек Назиркульев күміс медальді қанжығалады.

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 4 алтын, 5 күміс, 5 қола жүлдемен аяқтады.

    Александра Ле (винтовка) мен Никита Чирюкин (тапанша) Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді. Қазір мергендер еншісінде 5 жолдама бар.

    Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында 14 жүлде жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.