jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бері кел де, бетіме айт": теннисші Новак Джокович жанкүйерге шүйлікті (видео)

    Новак Джокович
    Новак Джокович. Фото: Andy Cheung/Getty Images

    Аустралия ашық чемпионатында сербиялық теннисші Новак Джокович пен жанкүйер арасында кикілжің туды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Eurosport телеарнасының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында Новак Джокович аустралиялық теннисші Алексей Попыринге қарсы ойнады. Матч барысында жанкүйерлердің бірі Джоковичке айғайлап тіл тигізген көрінеді. Оған теннисші жауап берді.

    "Маған бірдеңе айтқың келе ме? Қане, бері кел де, бетіме айт!", – деді Новак Джокович.

    Кездесу қорытындысы бойынша сербиялық теннисші 6:3, 4:6, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді. Енді Джокович жарыстың үшінші айналымында Аргентина өкілі Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

    Айта кетейік, өткен жылы Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанған еді. Ол финалда грекиялық теннисші Стефанос Циципасты 6:3, 7:6 (7:4), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан болатын.

    "Бері кел де, бетіме айт": теннисші Новак Джокович жанкүйерге шүйлікті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.