jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің үшінші айналымына өтті

    Әмір Омарханов
    Әмір Омарханов. Фото: ktf.kz

    16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің үшінші айналымына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жарыстың екінші айналымында Әмір Омарханов ұлыбританиялық теннисші Виктор Фридрихпен кездесті. Алғашқы сетте Фридрих басымдық танытты (3:6). Бірақ екінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте есе қайтарды – 7:6 (8:6). Ал шешуші сетте Әмір қарсыласына дес бермей, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

    Енді қазақстандық теннисші Оңтүстік Корея өкілі Чжун Джун Киммен шеберлік байқасады.

    Осыған дейін Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы италиялық теннисші Федерико Синаны 6:0; 6:3; 6:3 есебімен ұтып, сенсация жасаған еді.

    Әмір Омарханов — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Ол қазір жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 26-орында тұр.

    Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің үшінші айналымына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.