Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Палестинаны қолдаушы белсенді Australian Open турниріндегі матчты тоқтатып тастады (видео)

Опубликовано:

Палестинаны қолдаушы белсенді
Палестинаны қолдаушы белсенді. Фото: t.me/rian_ru

Australian Open турниріндегі британиялық спортшы Кэмэрон Норри мен германиялық теннисші Александр Зверев арасындағы матч жанкүйердің кесірінен тоқтатылды. Ойынға келген көрермен Палестинаны қолдау мақсатында дайындалған парақтарды кортқа лақтыра бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ rsport.ria.ru порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын кезінде бетперде киген белсенді трибунада тұрып, кортқа қарай "Еркін Палестина" деген жазуы бар парақтарды үздіксіз лақтыра бастады. Қағаздың көп бөлігі ойын алаңына ұшып кеткендіктен матч тоқтатылды. Кейін белсенді корттан шығарылып, ойын жалғасын тапты.

Australian Open чемпионаты 14-27 қаңтар арасында Мельбурн қаласында өтуде. Ал 16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы турнирдің үшінші айналымына өткен еді. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші айналымында ресейлік спортшы Анна Блинковадан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056752-palestinany-qoldausy-belsendi-australian-open-turnirindegi-matcty-toqtatyp-tastady-video/

pixel