Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных елге оралды (видео)

Опубликовано:

Илья Мизерных жақындарымен бірге
Илья Мизерных жақындарымен бірге. Фото: instagram.com/ilya_mizernykh/

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада алтын медаль еншілеген қазақстандық спортшы Илья Мизерных елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Илья Мизерных Канвон-2024 Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіру сайысында топ жарған еді. Ол 214 ұпай жинап, Австрия өкілі Ники Хуммлді (210,7) және поляк спортшысы Лукашчикті (209,7) артта қалдырды. Сөйтіп 16 жастағы Илья Қазақстан қоржынына жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш алтынын салды.

Кеше, 22 қаңтарда чемпион елге оралды. Оны қазақстандықтар Алматы әуежайында құрмет-қошеметпен күтіп алды.

Кейін Илья Мизерных Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікке алғыс айтты.

"Бәріңізге рақмет, бұл адам сенгісіз нәрсе! Сіздердің қолдауларыңыз маған 2 есе мотивация береді", — деп жазды Олимпиада чемпионы.

Еске салайық, осыған дейін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада алтын медаль еншілеген қазақстандық спортшы Илья Мизерных қанша ақшалай сыйақы алатынын жазғанбыз.

Қазір Қазақстан қоржынында Канвон-2024 Олимпиадасының 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар. Алтын медальді Илья Мизерных еншілесе, қоланы шорт-трекші Полина Омельчук жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2056990-olimpiada-cempiony-ilya-mizernyx-elge-oraldy-video/

pixel