Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов атындағы халықаралық турнир өтеді

Опубликовано:

World Indoor Tour Gold турнирінің қатысушылары
World Indoor Tour Gold турнирінің қатысушылары. Фото: Foto Olimpik/NurPhoto via Getty Images

27 қаңтарда Астанада алғаш рет жеңіл атлетикадан World Indoor tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясындағы турнир өтеді. Турнирге Олимпиада чемпиондары, жеңіл атлетикадан әлемдік рекорд орнатқан желаяқтар қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

World Athletics Indoor Tour – 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық кешенде болатын жеңіл атлетикадан жыл сайынғы жарыстар сериясы. Аталмыш турнирге 45 елден келген 136 спортшы қатысады. World Athletics талаптарына сәйкес, жүлде қоры әр спорт түрі бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.

Астанада өтетін турнирге Швециядан әлем және Еуропа чемпионы, Токио Олимпиадасының чемпионы, 12 дүркін әлем рекордшысы Арман Дуплантис, Канададан 200 метр бойынша Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері, эстафетадан әлем чемпионатының, 2023 жылғы "Гауһар" лигасы финалының жеңімпазы Арне де Грасс, АҚШ-тан 60 метр кедергілермен жүгіруден екі дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Ниа Али, Нигериядан 100 метр кедергілермен жүгіруден әлем чемпионатының алтын жүлдегері, Олуватобилоба "Гауһар" лигасының соңғы үш финалының жеңімпазы Айомиде Амусан сияқты спорт жұлдыздары келеді.

Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes аясында жарыстың келесі түрлері жоспарланған:

Ерлер арасында:

  • 60 метрге жүгіру;
  • 400 метрге жүгіру;
  • 3000 метрге жүгіру;
  • Кедергілермен 60 метрге жүгіру;
  • Сырықпен секіру;
  • Ядро лақтыру.

Әйелдер арасында:

  • 60 метрге жүгіру;
  • 00 метрге жүгіру;
  • Бір миль жүгіру;
  • Кедергілермен 60 метрге жүгіру;
  • Биіктікке секіру;
  • Ұзындыққа секіру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2057427-astanada-zenil-atletikadan-amin-tuyaqov-atyndagy-xalyqaralyq-turnir-otedi/

pixel