jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Australian Open турнирінің финалына шыққан теннисшілер кім

    Теннисші Арина Соболенко
    Теннисші Арина Соболенко. Фото: Andy Cheung/Getty Images

    Теннистен Аустралия ашық чемпионатының әйелдер арасында жекелей сынының финалында Беларусь өкілі Арина Соболенко мен қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Australian Open турнирінің ресми сайтына cілтеме жасап хабарлайды.

    Арина Соболенко жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, АҚШ өкілі Коко Гауффты 7:6 (7:2), 6:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша Соболенко қатарынан екінші жыл ақтық мәреге шығып отыр. Өткен жылы финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны ұтып, Australian Open турнирінің жеңімпазы атанған еді.

    Арина Соболенко әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде 2-орында тұр.

    Australian Open турнирінің екінші финалисі — қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь. Ол жартылай финалда әлемдік рейтингте 93-орында тұрған Украина өкілі Даяна Ястремскаядан басым түсті (6:4, 6:4). Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды. Осылайша Чжэн Циньвэнь алғаш рет Аustralian Open жарысының финалына жолдама алды. Қазір қытайлық теннисші WTA рейтингінде 15-орында тұр.

    Айта кетейік, Аустралия ашық чемпионатының әйелдер арасында жекелей сынының финалы 28 қаңтарда өтеді.

    Australian Open турнирінің финалына шыққан теннисшілер кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.