jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ол UFC чемпионы болуға лайық": Ризабек Айтмұхан қазақстандық файтер туралы пікірін айтты

    Қазақстандық файтер Асу Алмабаев
    Қазақстандық файтер Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFС-дегі кезекті жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телернасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асу Алмабаев пен Ризабек Айтмұхан Dar Team жекпе-жек клубының залында бірге жаттығады.

    "Асу сияқты жауынгерлер Қазақстанның даңқын көтереді. Мен оның жақсы қасиеттерін сіңіруге тырысамын. Ол – өте мықты, ақылды және көңілді адам. Асу UFC чемпионы болуға лайық. Біздің барлық жігіттерге сәттілік тілеймін!", – деді Ризабек.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Ол 9 наурызда Майамиде (Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жергілікті файтер Си Джей Вергарамен күш сынасады. Бұл кездесуге Алмабаев АҚШ-тағы Kill Cliff FC спорт залында Генри Хуфт және Саид Сапаровтың жетекшілігімен жаттығып жатыр.

    Өткен жылы тамыз айында Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты. Бұл оның UFС-дегі дебюті болды. 30 жастағы қазақстандық файтер барлығы 15 кездесу өткізген. 13 мәрте жеңсе, 2 рет жеңіліске ұшыраған.

    "Ол UFC чемпионы болуға лайық": Ризабек Айтмұхан қазақстандық файтер туралы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.