Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жылдан кейін ғана": Қазақстан азаматтығын алған теннисші ұлттық құрама сапына шақырту алған жоқ

Опубликовано:

Александр Шевченко
Александр Шевченко. Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

Қаңтар айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген ресейлік теннисші Александр Шевченко ұлттық құрама сапында ойнай алмайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Александр Шевченко "Дэвис" кубогы, Олимпиада және Азия ойындарынан басқа халықаралық жарыстардың бәрінде Қазақстан намысын қорғайды.

"Халықаралық теннис федерациясының (ITF) ережесі бойынша Александр Қазақстан құрамасында 2026 жылдан бастап ойнай алады", – деді теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Александр Шевченко — "Челленджер" сериясының үш турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ АТР 250 сериясының бір турнирінің финалисі. 23 жастағы спортшы 2009 жылдан бері Аустрияда тұрды және сол жерде жаттықты.

Еске салайық, танымал ресейлік теннисші енді Қазақстан намысын қорғайтынын жазғанбыз. Кейін Александр Франциядағы турнирді жеңіспен бастады.

Бүгін, 2 ақпанда екі қазақстандық теннисші Александр Шевченко мен Александр Бублик Монпельедегі (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалында кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2058798-eki-zyldan-keiin-gana-qazaqstan-azamattygyn-algan-tennissi-ulttyq-qurama-sapyna-saqyrtu-algan-zoq/

pixel