jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тарихи жеңіс: қазақстандық спортшылар синхронды жүзуден алғаш рет әлем чемпионы атанды

    Эдуард Ким мен Наргиза Болатова
    Эдуард Ким мен Наргиза Болатова. Фото: olympic.kz

    Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz. 

    Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинаған.

    Ал күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған. 

    Айта кетейік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. 

    Тарихи жеңіс: қазақстандық спортшылар синхронды жүзуден алғаш рет әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.