Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

292 келі көтерді: қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі

Опубликовано:

Сайрамкез Ақмолда
Сайрамкез Ақмолда. Фото: instagram/qaz_olympics

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Сайрамкез Ақмолда күміс жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайрамкез Ақмолда 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді. Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ри Вон Джи (137+180 келі) қанжығаласа, қола жүлдені таиландтық спортшы Терават Ратфет (128+158 келі) жеңіп алды.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Азия чемпионатында ауыр атлетикадан ел намысын жеті спортшы қорғайтынын жазғанбыз. Ерлер арасында Ақмолда Сайрамкез (67 кг), Әлібек Рақымберді (73 кг), Александр Уваров (81 келі), Сергей Петрович (96 келі) және Кирилл Староверкин (96 келі), ал әйелдер арасында Айнұр Әбдіхалықова (49 келі) мен Арай Нұрлыбекова (81 келі) жарысқа аттанған еді.

Өзбекстанда ауыр атлетикадан Азия Чемпионаты ерлер арасында 52, әйелдер арасында 33-рет өтіп отыр. Осыған дейін аталмыш жарыс Ташкентте 2016 және 2021 жылдары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059222-292-keli-koterdi-qazaqstandyq-auyr-atlet-aziya-cempionatynda-kumis-zulde-ensiledi/

pixel