jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    30 жыл болмаған антирекорд: су добынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын ірі жеңіліспен бастады

    Сұлтан Шонжігітов
    Сұлтан Шонжігітов. Фото: Albert ten Hove/BSR Agency/Getty Images

    Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Катарда өтіп жатқан су спортынан Әлем чемпионатын сәтсіз бастады. Италия құрамасынан 30 гол айырмашылығымен ұтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Катардың Доха қаласында өтіп жатқан жарыста екі құрама "D" тобында сынға түсті. Топтық кезеңнің бірінші айналымдағы матчта италиялықтар 33:3 есебімен ұтты. Қазақстан құрамасы сапынан Егор Белоусов, Руслан Ахметов және Сұлтан Шонжігітов гол соқты.

    Аталмыш ойын су добынан ерлер командалары арасындағы Әлем чемпионаты деңгейіндегі соңғы 30 жылда болмаған антирекорд болды. Осыд нәтижеден де үлкен айырмашылық 1994 жылы, Хорватия Жаңа Зеландияны 38:1 есебімен жеңген кезде тіркелді.

    Сондай-ақ D тобында Румыния мен Венгрия құрамалары бар. Ширек финалға тікелей жолдама алу үшін барлық матчта жеңіске жету керек. Екінші және үшінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне жолдама алады, ширек финалға қалған орындар сарапқа салады.

    30 жыл болмаған антирекорд: су добынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын ірі жеңіліспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.