jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Зенит" Нұралы Әліптің дзюдодағы күрес әдісіне баға берді (видео)

    Нұралы Әліп пен Александр Коваленко
    Нұралы Әліп пен Александр Коваленко. Фото: instagram.com/zenit_spb

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және ресейлік "Зенит" клубының ойыншысы Нұралы Әліп командаласымен күресті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Зенит" клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Зенит" клубының Instagram желісінде жарияланған видеодан Нұралы Әліп жаттығу кезінде командаласы Александр Коваленконы күрескенін көруге болады.

    "Нұралы күрестен БМЕ (Бірыңғай мемлекеттік емтихан) тапсырды", – делінген видеоның астындағы жазбада.

    Айта кетейік, қазір "Зенит" клубы Катарда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

    Еске салайық, Нұралы Әліп 2022 жылдың желтоқсанында "Зенит" командасымен 2,5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырды.

    Нұралы – Ақтау қаласының тумасы. Ол сегіз жасынан бастап жергілікті "Каспий" академиясында футболмен айналысқан. 2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң алматылық клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есебі 99 матч өткізген. Командамен бірге Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, ұлттық кубокті екі рет еншілеген.

    "Зенит" Нұралы Әліптің дзюдодағы күрес әдісіне баға берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.