Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Опубликовано:

Александр Уваров
Александр Уваров. Фото: https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстандық зілтемірші Александр Уваров Азия чемпионатының күміс медаль иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және туризм министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта 2 зілтеміршіміз өнер көрсетіп, Александр Уваров күміс медаль иеленді.

Ханчжоу-2022 Азия ойындарының қола жүлдегері жұлқа көтеруде 153 келі, ал серпе көтеруде 190 келі көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді. Әлібек Рақымберді 5-орынмен шектелді.

81 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар тізімі осындай:

  1. Ри Чонг Сонг 369 келі (Солтүстік Корея);
  2. Александр Уваров 343 келі (Қазақстан);
  3. Гайгысыз Тораев 337 келі (Түрікменстан);

5. Әлібек Рақымберді 298 келі (Қазақстан).

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059670-qazaqstandyq-auyr-atlet-aziya-cempionatynyn-kumis-zuldesin-zenip-aldy/