Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаевтың бапкері Гилберт Бернсқа қазақстандық шоколад сыйлады

Опубликовано:

Асу Алмабаев пен Гилберт Бернс
Асу Алмабаев пен Гилберт Бернс. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Гилберт Бернсқа "Қазақстан" шоколады тарту етілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бапкер Дәулет Суртубаевтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гилберт Бернс пен қазақстандық файтер Асу Алмабаев 9 наурызда Майамиде өтетін UFC 299 турниріне дайындалып жатыр. Жаттығу барысында Гилбертке қазақстандық шоколад сыйға берілді. Бразилиялық файтер бұл шоколадтың дәмін алғаш рет татып көретінін және оны салмақ өлшеу рәсімінен соң жейтінін айтты.

Айта кетейік, Гилберт Бернстің активінде 22 жеңіс, 6 жеңіліс бар. Ол соңғы рет 2023 жылдың мамырында жекпе-жекке шығып, Белал Мұхаммедтен ұтылып қалған еді. Енді Гилберт UFC 299 турнирінде Аустралия өкілі Джек Делла Мадделанамен кездеседі.

Асу Алмабаев (18-2) cоңғы жекпе-жегінде Оди Осборннан басым түскен болатын. Ол UFC 299 турнирінде Си-Джей Вергарамен күш сынасады.

Дәулеттің Instagram stories-і
Дәулеттің Instagram stories-і. Скриншот: instagram/dauka.srt

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059817-asu-almabaevtyn-bapkeri-gilbert-bernsqa-qazaqstandyq-sokolad-syilady/

pixel