Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыт сыйлайды": футболшы Нұралы Әліп үнемі тақия киіп жүретінін айтты

Опубликовано:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: youtube.com/@ZenitFootballClub

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және ресейлік "Зенит" клубының ойыншысы Нұралы Әліп үнемі тақия киіп жүретін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Зенит" командасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"По номерам" бағдарламасының кезекті шығарылымында Нұралы Әліп оқу-жаттығу жиынындағы бөлмесін көрсетті. Ол қазақтың ұлттық бас киімі тақияға айрықша тоқталды.

"Тақияны, cосын бөрік деген бас киімді біздің ата-бабаларымыз киген. Менде 2 тақия бар. Бірақ көбіне қазір басымда тұрғанды киемін. Бақыт сыйлайды. Мен түскі аста да кешкі аста да, сапарларға барғанда да тақиямен жүремін. Маған осылай жайлы", – деді Нұралы Әліп.

Еске салайық, осыған дейін "Зенит" Нұралы Әліптің дзюдодағы күрес әдісіне баға бергенін жазғанбыз. Ал 9 ақпанда "Зенит" командасы Катардың "Әл-Райян" клубымен жолдастық матч өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2059860-baqyt-akeledi-futbolsy-nuraly-alip-unemi-taqiya-kiip-zuretinin-aitty/

pixel