jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы қола медаль иеленді

    Кирилл Староверкин
    Кирилл Староверкин. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде кіші қола медаль иегері атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақтың үздіктері анықталды. Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні басынан асырып, кіші қола медаль иегері атанды. Ал серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен 4-орын иеленді.

    Сонымен ерлер арасындағы 96 келіге дейінгі салмақ арасында кореялық Вон Йон Бём (161+205) алтын медаль алса, өзбекстандық Суннатилла Усаров (161+185) күміс медальға ие болды, қазақстандық Нұрсұлтан Тармалов 333 кг қола медаль, тағы бір жерлесіміз Кирилл Староверкин (150+180) кіші қола медаль иеленді.

    Еске сала кетсек, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында Сайрамкез Ақмолда (67 кг) мен Александр Уваров (81 кг) жеңіп алған 2 күміс жүлде бар.

    Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы қола медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.