jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Тілім байланып қалды": қазақстандық файтер суға батқан баланың өмірін сақтап қалғанын айтты

    Жасұлан Әкімжан
    Жасұлан Әкімжан. Фото:: youtube.com/@NAIZATV

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан бассейнге батып кеткен кішкентай баланы өлім аузынан алып қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza лигасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жасұлан Әкімжанның айтуынша, оқиға Алматыдағы моншалардың бірінде болған.

    "Салмақ қуып жүрген кезім. Осыдан 2 жыл бұрын-ау деймін. Бір күні жаттығу залындағы жігіттермен моншаға бардым. Бірнеше мәрте буға кіргеннен кейін жүрегім қысылып кетті де бірден атып шықтым. Салмақ қуып жүргенде бассейнге түспеу керек қой, сондықтан бассейнге мүлде жоламағанмын. Бірақ сол кезде будан шыққан соң бірден бассейнге бардым. Астына қарасам бұрышта кішкентай бала жатыр екен. Шошып кеттім. Айналамда ешкім жоқ. Әлгі бала қимылдамай жатыр. Ойнап жатқан болар дедім.

    Сосын бірден суға түстім де баланы алып шықтым. Түрі көгеріп, қарны ісіп кеткен. Көмекке шақырайын десем тілім байланып қалған. Кейін арқасынан ұстап, ішінен баса бердім. Бір кезде айғайлап көмекке шақыра бастадым. Сол кезде біреу жүгіріп келді. Екеуіміз екі жақтап баланы аман алып қалдық. Баланың әкесі үстіндегі барда отырыпты", – деді қазақстандық файтер.

    Айта кетейік, Жасұлан Әкімжан соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда жекпе-жекке шығып, Франция өкілі Джейсон Понеден жеңіліп қалған еді.

    "Тілім байланып қалды": қазақстандық файтер суға батқан баланың өмірін сақтап қалғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.