jitsu gif
Спорт

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті

    Елизавета Матвеева
    Елизавета Матвеева. Фото: kazsports.kz

    Иранда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстан қоржыны 3 медальмен толықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Биіктікке секіруде қазақстандық атлет Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, алтын медаль иеленді. Өткен жылы Астанадағы бәсекеде Елизавета 2-орыннан көрінген еді.

    Сондай-ақ 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында да осы қашықтықта күміс медальге ие болған еді.

    Сондай-ақ үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлде еншіледі.

    Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына 3 жүлде түскен еді. 60 метрге кедергілермен жүгіруде Давид Ефремов 7,60 секунд уақыт көрсеткішімен бірінші орын алса, ядро лақтыру сайысында Иван Иванов 19,08 метр нәтижесімен күміс медаль иеленді. Ал Аяна Болатбекқызы 1500 метрді 4:37.20 уақытта жүгіріп өтіп, қола жүлде олжалады.

    Бұл жарысқа Қазақстан атынан 29 атлет қатысып жатыр. Чемпионат 19 ақпанға дейін жалғасады.

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.