jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Құны 20 млн доллар": UFC президенті Путиннің Хабиб Нурмагомедовке жасаған қымбат сыйы туралы айтты

    Хабиб Нурмагомедов
    Хабиб Нурмагомедов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC басшысы Дана Уайт Ресей президенті Владимир Путиннің дағыстандық файтер Хабиб Нурмагомедовке жасаған қымбат сыйы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Games With Names Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дана Уайттың сөзінше, 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық файтер Конор Макрегорды жеңгеннен кейін президент Владимир Путин Хабиб пен оның әкесіне Ресейден құны 20 миллион доллар болатын жылжымайтын мүлік сыйлаған.

    "Кейін Нурмагомедов мұсылман мемлекеттеріне барып, қалағанын алды – көлік, ақша, спорт залдары. Хабиб осындай жетістікке жеткен соң біз онымен сөйлескенде Конор Макгрегормен тілдесіп отырғандай болдық", – деді Дана Уайт "Games With Names" Youtube арнасына берген сұхбатында.

    Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек 2018 жылы күзде болды. Бұл кездесуде дағыстандық файтер төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді.

    Хабиб кәсіпқой мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның соңғы кездесуі 2020 жылы UFC 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиге қарсы болды. Бұл бәсекеде Хабиб Гэтжиді қылқындыру тәсілі арқылы ұтты. Осы жекпе-жектен соң Нурмагомедов мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

    "Құны 20 млн доллар": UFC президенті Путиннің Хабиб Нурмагомедовке жасаған қымбат сыйы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.