jitsu gif
Спорт

    Шорт тректен тарихи жүлде, гимнастикадан алтын медаль: қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жеңісі

    Нариман Құрбанов
    Нариман Құрбанов. Фото: instagram.com/committee_sport

    Қазақстандық спортшылар өткен аптада бірнеше халықаралық жарыста жүлде алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шорт-трек

    Қазақстандық шорт-трекші Алина Ажғалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (Польша) 1500 метр қашықтықта сынға түсіп, күміс жүлде еншіледі. Бұл – Қазақстан тарихында шорт-тректен қыздардың әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

    Гимнастика

    Нариман Құрбанов Котбус қаласында (Германия) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңінде ат снаряды сайысында топ жарып, алтын медаль иеленді. Ол 15.433 ұпай жинады.

    Мәнерлеп сырғанау

    Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Нидерландтағы турнирде алтын медальге қол жеткізді. Сонымен қатар Абу-Дабидегі жарыста София Фарафонова күміс, ал Анна Левковец қола жүлде жеңіп алды.

    Қазақстандық спортшылардың басқа да жеңісі:

    • Әзербайжанда өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогінде, садақ атудан Ирактағы Азия кубогінде Қазақстан құрамасы күміс және қола жүлдеге қол жеткізді;
    • Делиде (Үндістан) өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы қырық үшінші Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды;
    • Бадминтоншы Дмитрий Панарин Угандадағы жарыста қола жүлде алды;
    • Көркем гимнастика өкілдері Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова Будапештте топ жарды;
    • Дзюдошы Шерзод Давлатов Польшадағы Еуропа кубогінде қола жүлдегер атанды;
    • Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия кубогінің іріктеу кезеңін сәтті бастап, Үндістан құрамасынан 63:50 есебімен басым түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.