jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-дің жаңа чемпионы "Реал Мадрид" – "Севилья" матчының ашылу рәсіміне қатысты (видео)

    Серхио Рамос пен Топурия
    Серхио Рамос пен Топурия. Фото: David S.Bustamante/Soccrates/Getty Images

    Футболдан Испания чемпионатының 26-туры аясында өткен ойынның ашылу рәсіміне UFC-дің жаңа чемпионы Илия Топурия қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ла Лиганың 26-туры аясында "Реал Мадрид" футбол клубы өз алаңында "Севилья" ұжымын қабылдады. Тартысты кездесу 1:0 есебімен (Модрич) алаң иелерінің пайдасына шешілді.

    Ал матчтың басында UFC промоушенінің жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің жаңа чемпионы, испаниялық файтер Илия Топурия (15-0) алаңға шығып, ойынның шымылдығын ашты.

    Еске салайық,, UFC 298 турнирінде Алексндр Волконвски (26-4) мен испаниялық файтер Илия Топурия (15-0) жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салған еді. Топурия кездесудің екінші раундында қарсыласын нокаутқа түсіріп, UFC чемпионы атанды.

    UFC-дің жаңа чемпионы "Реал Мадрид" – "Севилья" матчының ашылу рәсіміне қатысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.