Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойлағанымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін": Головкин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: olympic.kz

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланғаннан кейін мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҰОК-ның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету – мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Ойлағанымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін. Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде жүзеге асыру", – деді Головкин.

Еске салайық, бүгін, 26 ақпанда Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063084-gennadii-golovkin-oz-areketimdi-sozben-emes-ispen-daleldep-uirengenmin/

pixel