jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Әлия ABQueen Бекбаева: Құрылғыларды ешқашан қиратып көрген емеспін

    Әлия ABQueen Бекбаева
    Әлия ABQueen Бекбаева. Фото: Parimatch

    Киберспорт - бұл келеңсіз сұрақтарға толы кең тараған сала. Дегенмен бұл сауалдарға Dota 2 стримері, косплейер, киберспортшы және Parimatch амбассадоры Әлия ABQueen Бекбаева жауап берді.

    - Сіз DOTA 2-де жалпы қанша сағат ойнадыңыз?

    - Егер барлық аккаунтардағы уақытты бірге алсақ, 10 мың сағаттан астам уақыт шығады.

    - Ойын барысында, не болмаса күнделікті өмірде балағат сөздерді жиі қолданасыз ба?

    - Ойымда жиі болса, күнделікті өмірде, не ойын барысында, онша көп емес.

    - Жазылушылардан немесе ойыншылардан келген қандай ерекше комплимент есіңізде қалды?

    - Сүйікті комплименттердің бірі - мені Дотаның кейіпкерлерімен салыстыру, мысалы, "Сен Лина сияқты көз жауын аласың" немесе "сен Врка сияқты менің жүрегіме павершотты лақтырғандай болдың".

    - Ойыншылар Сізге жиі көз қырын салып тұра ма?

    - Күн сайын!

    - "Дотаны" киберспортты шынайы жақсы көргендіктен ойнайсыз ба, әлде көңіл көтеріп, өзіңізге назар аудару үшін бе?

    - Мен мысықтарыма тамақ әперу үшін ойнаймын. Бірақ шынымды айтсам, өзімді назардан тыс қалып жүрген қызбын деп айтпас едім.

    - Басқа ойындарды ойнай аласыз ба? Қайсысын ойнайсыз?

    - Барлығын түбегейлі білемін деп айтпасам да, кез келгенін ойнай аламын. Мен ойнаған соңғы ойын — Palword болатын.

    - Сіздің отбасыңыз бұл кәсібіңізге қалай қарайды?

    - Еш қарсылықтары жоқ. Менің отбасымдағылар ол жағынан қарапайым, әрқайсымыз жанымызға бақыт сыйлайтын нәрсемен айналысамыз, біз бір-бірімізге қолдан келгенше қолдау көрсетеміз.

    - Табысыңыз туралы не айта аласыз?

    - Менің төрт мысығым барынша әдемі өмір сүреді! Анасы да, бірақ маған келгенде, әрдайым жетпейді.

    - Инвокер ме әлде Падж ба? (DOTA 2 кейіпкерлері, ред. ескерт.) және Падж ба әлде Пудж ба? Қайсысы дұрыс?

    - Инвокер, әрине, мен оның фанатымын! Айтылуы бойынша "Пудж" деп айтамын.

    - Ойын барысында қандай да бір затты қиратып жібергіңіз келетін жағдайлар бола ма?

    - Өмірімде құрылғыларды ешқашан қиратып көрген емеспін.

    - Киберспортта мансабын енді бастағандар үшін қандай құрылғыны пайдалануға кеңес берер едіңіз?

    - Varmilo пернетақтасы мен Panda Seat креслосы.

    - Ал "бастаушы жиынтығы" қанша тұрады?

    - Білмеймін, маған әдетте тегін жолданады.

    *Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

    Әлия ABQueen Бекбаева: Құрылғыларды ешқашан қиратып көрген емеспін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.