jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық баскетболшылар Катар құрамасынан айласын асырды

    Қазақстан мен Катар құрамалары арасындағы ойын
    Қазақстан мен Катар құрамалары. Фото: kazsports.kz

    Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия Кубогының іріктеу кезеңінде Катар командасымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ойын 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25) есебімен қазақстандық баскетболшылардың пайдасына шешілді. Бұл жеңістің арқасында Қазақстан Иранмен бірге "Е" тобында көш бастады. Екі құрамада да 4 ұпайдан бар.

    Бірнеше күн бұрын Қазақстан құрамасы өз алаңында Үндістанды 63:50 есебімен жеңген еді. Енді ұлттық құрама келесі ойынын 22 қараша күні сырт алаңда "E" тобының фавориті, Азия кубогының 3 дүркін чемпионы Иранға қарсы өткізеді.

    Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы 2013 жылдан бері Азия кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсетіп келеді.

    Қазақстандық баскетболшылар Катар құрамасынан айласын асырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.