Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа басшысы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық.
Ұлттық олимпиада комитеті алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар.
Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді", - деп жазды Головкин Instagram парақшасында.
Еске салайық, 29 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдаған еді.
Айта кетейік, 26 ақпанда Бас ассемблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын Бас ассамблея мүшелері бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.
Кейін Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2063854-aqordada-prezidentpen-kezdesken-golovkin-zelide-toqaevqa-zazba-arnady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.