jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Тараздың қызына үйлен дейді": Бахтиер Зайнутдинов үйлену туралы ойын айтты

    Футболшы Бахтиер Зайнутдинов
    Футболшы Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Mustafa Yalcin/Anadolu via Getty Images

    Түркиялық "Бешикташ" футбол клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов қашан үйленгісі келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дидар Сыдықбектің Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов отбасы құрғысы келетінін айтты.

    "Қашан үйленетінімді білмеймін. Сол сұрақ мәселе болып кетті (күліп). Ал үйдегілер Тараздың қызына үйленгенімді қалайды", – деді Бахтиер Зайнутдинов.

    Еске салайық, 25 ақпанда "Бешікташ" футбол клубы Суперлиганың 27-туры аясында "Истанбулспормен" кездесті. Бахтиер Зайнутдинов ойынның 87-минутында алаңға шығып, екінші таймның қосымша уақытында сары қағаз алған еді. Бұл қазақстандық ойыншының чемпионаттағы төртінші сары қағазы болды. Осылайша Зайнутдинов 3 наурызда "Бешікташ" пен "Галатасарай" арасында өтетін ойыннан шеттетілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.