jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    11 жастағы қазақстандық спортшы Арнольд Шварценеггермен кездесті (видео)

    Ахмад Болатжан
    Ахмад Болатжан. Фото: instagram.com/ahmad_svr_mma

    Оралдық жас спортшы Ахмад Болатжан АҚШ-тың Огайо штатында өткен аралас жекпе-жектен халықаралық турнирге қатысып, қола жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    GAMMA Arnold Sports International жарысында Ахмад Болатжан 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және 12-13 жас санатында сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Жарыс кезінде Ахмад танымал актер Арнольд Шварценеггермен кездескен.

    Ахмад аралас жекпе-жекпен 3 жылдан бері айналысады. Оның жаттықтырушысы Марат Шерғалиевтің айтуынша, Ахмад – ММА бойынша Грекияда өткен Әлем чемпионатының күміс медаль иегері, грепплингтен халықаралық жарыстардың жүлдегері.

    Еске салайқ, 7 жастағы ақтөбелік теннисші қыз Медина Амандық шетелдік мамандардың назарына іліккенін жазғанбыз. Оның үстел теннисімен айналыса бастағанына екі жылға жуық уақыт болған. Жас спортшы биыл Ресей мен Германияға барып шеберлігін шыңдамақ.

    11 жастағы қазақстандық спортшы Арнольд Шварценеггермен кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.