Криштиану Роналду рингке шығып көру туралы сұраққа нақты жауабын берді
Опубликовано:
Ресейлік боксшы Магомед Курбанов Криштиану Роналдумен кездескені және футболшының рингке шығуы туралы сұраққа жауап бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ RCC академиясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Магомед Курбанов пен Криштиану Роналду Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) жолықты. Олардың кездесуі Сауд Арабиясының ойын-сауық жөніндегі бас басқармасының төрағасы және министр Түркі әл-Шейхтің бастамасымен салынған жаңа спорт залға экскурсия аясында болған.
"Залды аралап жүріп жекпе-жек, салмақ қуу туралы сөйлестік. Ол маған алдағы жекпе-жекте сәттілік тіледі. Мен Роналдудан "күндердің күнінде рингке шығуың мүмкін бе?" деп сұрадым. Ол "жоқ, мен тек ойнаймын" деп жауап берді", – деді Магомед Курбанов.
8 наурызда Магомед Құрбанов өзбекстандық боксшы Исраил Мадримовпен WBA әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Бұл кездесу Эр-Риядта Knockout Chaos бокс кешінің басты кардында өтеді.
Еске салайық, Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында "Реал Мадрид" футбол клубын 122 жылдық мерейтойымен құттықтаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2065034-kristianu-ronaldu-ringke-sygyp-koru-turaly-suraqqa-naqty-zauabyn-berdi/