jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Луис Суарес Мессидің үйінің жанынан құны 12 млн доллар болатын жекежай сатып алды

    Лионель Месси және Луис Суарес
    Лионель Месси және Луис Суарес. Фото: Simon Bruty/Anychance/Getty Images

    Америкалық "Интер Майами" футбол клубының ойыншысы Луис Суарес 11,5 миллион долларға үй сатып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Real Deal порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, Луис Суарес пен оның әйелі София Балби сатып алған үй Форт-Лодердейл (АҚШ) қаласындағы жеке ауданда орналасқан. Үй 1980 жылы салынған. Ғимараттың ауданы – 660 метр квадрат. Үйде 8 жатын бөлме және 8 жуынатын бөлме бар. Үй ауданы 0,24 га болатын учаскеде орналасқан және жағалау сызығының 129,5 метрін алып жатыр

    Бұл үй Суарестің "Интер Майамидегі" командаласы Лионель Мессидің жекежайына жақын маңда тұр. Аргентиналық футболшы жекежайын 2023 жылы 10,8 миллион долларға сатып алған еді.

    Суарес Мессимен бірге "Барселонада" 2014-2020 жылдары ойнады. Ол 2023 жылдың желтоқсанында "Интер Майамиге" көшті. Transfermarkt порталының мәліметінше, Суарестің трансферлік нарықтағы құны – 4 миллион еуро.

    Луис Суарес Мессидің үйінің жанынан құны 12 млн доллар болатын жекежай сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.