Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбиба Әбужақынова, Елена Рыбакина: әйелдер арасындағы үздік қазақстандық спортшылар кім

Опубликовано:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар бірқатар маңызды жарысқа, жекелеген спорт түрлерінен өткен әлемдік және құрлықтық деңгейдегі додаларға және басқа да халықаралық турнирлерге қатысты. KAZ.NUR.KZ тілшісі осы жылы үздік деп танылған әйел спортшылардың тізімін дайындады.

Елена Рыбакина, теннис

Теннисші Рыбакина
Теннисші Рыбакина. Фото: Minas Panagiotakis/Getty Images

2023 жылғы маусым бойы Елена әлемнің ең үздік теннисшілерінің тізіміне енгені бекер емес екенін дәлелдеді. Жыл басында Australian Open турнирінің финалына шықты. Алайда "Үлкен дулыға" турнирінің ақтық сынында Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Десе де WTA жарысының екі кезеңінде жеңіске жетіп, Қорытынды турнирге де қатысты. Қазақстандық теннисші қазіргі уақытта WTA рейтингінде төртінші орында тұр.

Әбиба Әбужақынова, дзюдо

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

Әбиба Әбужақынова 2024 жылдың басында бірнеше халықаралық жарыста топ жарды. Атап айтсақ Ташкентте өткен дзюдодан Grand Slam жарысында күміс жүлде еншіледі. Сонымен қатар Бакуде болған әлемдік Grand Slam-да 3-орын алған еді.

Ангелина Лукас, бокс

Боксшы Ангелина Лукас
Боксшы Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Ангелина Лукас осы жылдың басында аса жеңіл салмақтағы WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Бакуде (Әзербайжан) жекпе-жек өткізді. Ол Пәкістан өкілі Рома Юсафпен жұдырықтасты. Бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда Ангелина бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын.

Юлия Мясникова, футбол

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: instagram/kff_women

Юлия Мясникова – мәскеулік "ЦСКА" футбол клубының ойыншысы және Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны. Қорғаушы "Алма-КТЖ" және "БИИК-Қазығұрт" командаларында өнер көрсеткен. Ал ұлттық құрама сапында 2010 жылдан бері доп тебеді.

Мөлдір Жаңбырбай, каратэ

Мөлдір Жаңбырбай
Мөлдір Жаңбырбай. Фото: жеке мұрағатынан

Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы Қазақстан каратэшілері тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Мажарстанда өткен әлем біріншілігінде финалға дейін сүрінбей жеткен спортшымыз, алтын медаль сарапқа салынған жекпе-жекте Италия спортшысын жеңген еді. Бұған дейін ересектер арасында бізден әлем чемпионы шықпаған. Жастар, жасөспірімдер санатында жеңімпаздар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2065108-abiba-abuzaqynova-elena-rybakina-aielder-arasyndagy-uzdik-qazaqstandyq-sportsylar-kim/

pixel