jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    10 наурызда қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен еді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. тілшісі хабарлайды.

    UFC 299 турнирінің алғашқы кездесулерінің бірінде Алмабаев америкалық файтер Си Джей Вергарамен жұдырықтасты. Жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылды және төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша "Зулфикар" жеңіске жетті.

    Америкалық файтер салмақ өлшеу рәсімінде тиісті нәтиже көрсете алмағандықтан, оның осы кездесудегі табысының 20 пайызы Асуға өтетіні белгілі болған еді.

    The sports grail порталындағы ақпаратқа сүйенсек, қазақстандық файтер екінші кездесуінде 22 мың доллар табыс тапқан. Бірақ бұл қарсыласының айыппұлын есептемегендегі көрсеткіш.

    UFC 299 турниріндегі файтерлердің табысы
    UFC 299 турниріндегі файтерлердің табысы. Скриншот: thesportsgrail.com

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі белгіленген жалақысы 18 мың доллар болса, Вергараның айыппұлына байланысты тағы 6 мың, ал демеуші компаниядан 4 мың доллар алады. Сонда жалпы есепте Асу 28 мың доллар табыс тапты (12 524 291 теңге).

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.