Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің жігіттер": Геннадий Головкин Олимпиада жолдамасын жеңіп алған боксшыларды құттықтады

Опубликовано:

Головкин және ұлттық құрама спортшылары
Головкин және ұлттық құрама спортшылары. Фото: instagram/gggboxing

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италияда бокстан Қазақстан құрамасымен кездесіп, жолдама жеңіп алған спортшыларды құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин бокстан ұлттық құрамамен кездесіп, маңызды жекпе-жектер алдында сәттілік тілеген еді.

Бүгін, 12 наурызда 5 спортшымыз іріктеу турнирінің ширек финалында өнер көрсетіп, барлығы да жеңіске жетіп Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Геннадий Головкин Instagram-дағы ресми парақшасына жолдама жеңіп алған боксылармен түскен фотосын жариялады.

Головкиннің Instagram Stories-і
Головкиннің Instagram Stories-і. Скриншот: instagram/gggboxing

Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған боксшылар тізімі:

  • 92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев;
  • 57 келі, Карина Ибрагимова;
  • 92 келі, Айбек Оралбай;
  • 51 келі, Сәкен Бибосынов;
  • 57 келі, Махмұд Сабырхан;
  • 71 келі, Асланбек Шымбергенов;
  • 80 келі, Нұрбек Оралбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2066712-bizdin-zigitter-gennadii-golovkin-olimpiada-zoldamasyn-zenip-algan-bokssylardy-quttyqtady/

pixel