Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның сыйақысы туралы пікірін айтты

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: Milos Miskov/Anadolu Agency via Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның сыйақысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Вестник MMA" Youtube арнасына cілтеме жасап хабарлайды.

Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген еді. Осылайша еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

"Қазақстан мен Қазақ КСР тарихында еркін күрестен бірде-бір Олимпиада чемпионы жоқ. Cондай-ақ бірде-бір әлем чемпионы болмаған. Ризабек – алғашқысы. Мен еркін күрес ауыр спорт түрі деп есептеймін. Сондықтан еркін күрестен үштікке ену – тарихқа енумен тең. Ал Ризабек әлем чемпионы атанып отыр. Оған мотивация беру керек. Сондықтан көп ақша, үй, тағы басқасын бергенде ғой. Бұл Ризабекке айтарлықтай жігер беріп, одан сайын еңбектенуіне ықпал етер еді.

Ал әлем чемпионы болғаныңда мемлекеттен 15 мың доллар ғана алсаң, ынтаң жоғалады деп ойлаймын. АСА-да жеңілгенің үшін бұдан 3-4 есе көп төлейді. Мен осы нәрсе біздің спортты құртады деп есептеймін. Мәселен, әлем чемпионы атанған біздің боксшыларға 200 000 доллардан берді деп естідім. Ризабекке Олимпиада чемпионына бергендей 250 000 доллар төлегенде жақсы болар еді", – деді Резников.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2068242-qazaqstandyq-faiter-alem-cempiony-rizabek-aitmuxannyn-syiaqysy-turaly-pikirin-aitty/

pixel