jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық құраманың үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдиновтің соққысының күші қандай (видео)

    Бахтиер Зайнутдинов пен Артур Асқарұлы
    Бахтиер Зайнутдинов пен Артур Асқарұлы. Фото: instagram.com/archibaaalt

    Футболдан Қазақстан құрамасының және түркиялық "Бешікташ" клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов cоққысының күшін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бахтиер Зайнутдинов белгілі блогер Артур Асқарұлының челленджіне қатысты. Челлендждің мақсаты қақпаға доп теуіп, кімнің соққысының күші мықты екенін тексеру болды. Алайда Зайнутдиновтың бірінші соққысы мүлт кетті. Ал екіншісін компьютер есепке алмады. Тек үшінші соққысы 106.3 км/сағат жылдамдықпен қақпаға дәл тиді. Ал Артурдың көрсеткіші 97.1 км/сағат болды.

    "Бахтиер барлық күшін Грекиядағы ойынға сақтап жүр. Біздің құрамаға сәттілік тілейік! Мен қолдау тобыммен 4 күннен кейін Афинаға ұшамын", – деп жазды Артур Асқарұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы Афинада Грекия командасымен Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды. Жеңген құрама Грузия-Люксембург жұбында басым түскен командамен Еуро-2024 турниріне жолдаманы сарапқа салады.

    Ұлттық құраманың үздік сұрмергені Бахтиер Зайнутдиновтің соққысының күші қандай (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.