jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барлық ойыншыны қақпаға қойыңдар": Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасына кеңес берді

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

    Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңілісі туралы ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Сендер әбден шаршаттыңдар ғой. Жеңе алмасаңдар, онда жеңісті сатып алыңдар немесе барлық ойыншыны қақпаға қойыңдар. Мүмкін сол кезде жеңілмейтін шығарсыңдар", – деп жазды Қуат Хамитов Instagram желісінде.

    Қуат Хамитовтың пікірі
    Қуат Хамитовтың пікірі. Скриншот: instagram.com/kzsports

    Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесуде 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Осыған дейін екі құрама да Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өткен ойында ұтылып, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Люксембург командасы Грузияға 2:0 есебімен есе жіберсе, Қазақстан құрамасы Грекиядан 5:0 есебімен жеңілген болатын. Қуат Хамитов Грекия – Қазақстан ойынынан соң Instagram-дағы парақшасында жазба жариялаған еді.

    Айта кетейік, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын барлық команда белгілі болды.

    "Барлық ойыншыны қақпаға қойыңдар": Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасына кеңес берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.