jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду 2 миллион доллар тұратын көлігін көрсетті (видео)

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Damjan Zibert/Soccrates/Getty Images

    Танымал футболшы Криштиану Роналду бағасы 2,2 миллион доллар болатын Ferrari Daytona SP3 автокөлігін тізгіндеп жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ferrari Daytona SP3 автокөлігі 2021 жылы таныстырылды. Бұл темір тұлпардың тек 599 данасы шығарылған. Онда 840 аттың күшіне тең келетін 6,5 литрлік V12 қозғалтқышы орналасқан. Daytona SP3 2,85 секундта 100 км/cағат қашықтыққа дейін жүре алады. Максималды жылдамдығы 340 км/сағатқа дейін жетеді.

    Бұл автокөлік – Роналдудың колекциясындағы бесінші Ferrari. Оның иелігінде Ferrari F430, 599 GTO және F12 DF, Ferrari Purosangue бар.

    Айта кетейік, кеше, 26 наурызда футболдан Португалия құрамасы Словенияға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта Роналду да ойнады, бірақ нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

    Криштиану Роналду 2 миллион доллар тұратын көлігін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.