jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Оны көргендеріне таңғалып жатыр": Шавкат Рахмонов Қытайда жанкүйерлерімен кездесті (видео)

    Шавкат Рахмонов Бейжіңде жанкүйерлерімен
    Шавкат Рахмонов Бейжіңде жанкүйерлерімен. Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қытайға сапары кезінде жанкүйерлерімен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 және 29 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы өтеді. Бұл шараға Қазақстан делегациясымен бірге Шавкат Рахмонов та барған.

    "Қазақ елінің жауынгері және біздің командамыздың мүшесі Шавкат Рахмоновты жанкүйерлері Қытайда бірден танып, естелікке қолтаңбасын алып суретке түсті. Олар Қытай елінде Шавкатты көргендеріне таңғалып жатыр", - деп жазды Dar Pro Team командасы Instagram-дағы парақшасында.

    Сондай-ақ қытайлық файтер Ли Дзи Лян Шавкат Рахмоновты және Dar Pro Team командаcының директоры Бауыржан Уталиевті құрметпен қарсы алып, қонақжайлық көрсеткен. Ли Дзи Лян UFC лигасында Шавкат Рахмоновтың салмағында өнер көрсетеді және Кил Клиф залында қазақстандық файтермен бірге жаттығады.

    Айта кетейік, Шавкаттан бөлек Қытайға Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев пен Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам да барған.

    "Оны көргендеріне таңғалып жатыр": Шавкат Рахмонов Қытайда жанкүйерлерімен кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.