Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің финалына шыққаны үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: gettyimages.com

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі турнирде өнер көрсеткені үшін жарты миллион АҚШ долларынан астам сыйақы алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportskeeda басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

WTA 1000 сериясындағы жарыстарда спортшы финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде ол америкалық Даниэль Коллинзге есе жіберіп, Майамиде екінші жыл қатарынан титулға бір саты жетпей қалды.

WTA ресми сайтының мәліметі бойынша, турнирдің жүлде қоры шамамен 8,8 миллион долларды құрайды. Дереккөз финалда жеңілген спортшы 585 мың доллар (шамамен 260 миллион теңге) алады деп хабарлайды. Ал жарыс чемпионы 1,1 миллион доллар табыс тапты.

Майамидегі турнирдің финалы Рыбакина үшін төртінші маусым болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы Брисбенде және Абу-Дабиде титулдарды жеңіп алып, Дохадағы шешуші кездесуде жеңіліп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2076198-elena-rybakina-aqs-tagy-turnirdin-finalyna-syqqany-usin-qansa-tabys-tapqany-belgili-boldy/

pixel