jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері ауызашарға қатысты (видео)

    Эрик тен Хаг.
    Эрик тен Хаг. Фото: Michael Regan/Getty Images

    Англиялық "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері Эрик тен Хаг команданың мұсылмандарына арналған ауызашарға қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Манчестер Юнайтедтің" Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Англия Премьер лигасының 30-туры аясында "Манчестер Юнайтед" пен "Брентфорд" командалары кездесті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

    Осы ойыннан кейін "Манчестер Юнайтед" клубы ораза ұстап жүрген мұсылмандар үшін ауызашар ұйымдастырған. Команданың бас бапкері Эрик тен Хаг ауызашарға жиналғандарды Рамазан айымен құттықтап, "ас болсын" деген тілек айтты.

    Қазір Англия Премьер лигасының турнир кестесінде "Манчестер Юнайтед" 48 ұпаймен 6-орында тұр. Енді Эрик тен Хагтың шәкірттері 4 cәуірде "Челси" клубына қарсы ойын өткізеді.

    Айта кетейік, Эрик тен Хаг "Манчестер Юнайтед" командасына 2022 жылдан бері бапкерлік етіп келеді.

    "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері ауызашарға қатысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.