jitsu gif
Спорт

    "Басың орамжапырақ сияқты": Нұралы Әліп бразилиялық футболшыға тақиясын ұсынды (видео)

    Нұралы Әліп
    Нұралы Әліп. Фото: youtube.com/@ZenitFootballClub

    Футболдан Қазақстан құрамасының және ресейлік "Зенит" клубының ойыншысы Нұралы Әліп туралы қызық видео жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Зениттің" Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Видеода бразилиялық футболшы Клаудиньо командаласы Нұралы Әліптің тақиясын киіп көрмек болады. Бірақ оның шашы қалың болғандықтан, басына сыймай қалды. Нұралы да кигізуге тырысып көргенімен, онысынан ештеңе шықпады.

    "Басың орамжапырақ сияқты, сыймайды", – деп әзілдеді Әліп.

    Еске салайық, Нұралы Әліп үнемі тақия киіп жүретінін айтқан еді.

    "Менде 2 тақия бар. Олар бақыт сыйлайды. Түскі аста да кешкі аста да, сапарларға барғанда да тақиямен жүремін. Маған осылай жайлы", – деді қазақстандық футболшы.

    Сондай-ақ Нұралы Әліп "Зенит" футбол клубы сапында 50-матчын өткізген болатын.

    "Басың орамжапырақ сияқты": Нұралы Әліп бразилиялық футболшыға тақиясын ұсынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.