Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зардап шеккендерге көмек көрсетейік": Шавкат Рахмонов қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шафкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Танымал спортшы Шавкат Рахмонов елдегі су тасқынына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасап, көмек қолын созуға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды.

"Ардақты ағайын, "Апат айтып келмейді" дейді халқымыз. Көптеген ауыл-аймақты су басып қалды. Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр.

Мемлекет тарапынан барлық шара қабылдануда. Әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер су тасқынымен күресуге жұмылдырылды. Олар күн-түн демей жұмыс жасап жатыр.

Осындай сын сәтте бәріміз бір болайық. Зардап шеккендерге көмек көрсетейік", - деді спортшы.

Айта кетейік, елімізде су тасқыны салдарынан ауыр жағдай қалыптасып, бірнеше өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 171 жеке тұрғын үй және 179 аула аумағы су астында қалып отырғанын мәлімдеді.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты ел халқына үндеу жасап, қазіргі су тасқыны – Қазақстандағы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны екенін атап өтті. Бұл ретте президент мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2080016-zardap-sekkenderge-komek-korseteiik-aralas-zekpe-zek-seberi-savkat-raxmonov-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/