jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду матч кезінде төрешіге қол көтерді (видео)

    Футболшы Роналду
    Футболшы Роналду. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду матч кезінде жанжал шығарып, алаңнан қуылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 9 сәуірде Сауд Арабия Суперкубогының жартылай финалдық кезеңінде "Әл-Наср" мен "Әл-Хиляль" футбол клубтары кездесті. Нәтижесінде Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

    Ойынның 86-минутында Роналду қарсыласымен алаңнын сыртына шығып кеткен допқа таласып, оны шынтағымен итеріп жіберді. Ойынның бас төрешісі Аль-Хоаиш португалиялықтың осы әрекеті үшін бірден қызыл қағаз көрсетті. Ал Криштиану ашуға булығып, оған да жұдырық ала жүгірді.

    Айта кетейік, 11 сәуірде Сауд Арабия Суперкубогының финалында "Әл-Иттихад" пен "Әл-Хиляль" футбол клубтары күш сынасады. Бұл ойын Абу-Дабидегі "Мұхаммед бин Зайед" алаңында өтеді.

    Криштиану Роналду матч кезінде төрешіге қол көтерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.