Футболдан Қазақстан жасөспірімдер лигасы (QJ League) cу тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QJ-лиганың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
20 сәуірде Таразда QJ League екінші маусымының ашылу матчы өтеді. "Тараз" командасы өз алаңында "Астананы" қабылдайды. Осы матчтың билеттерінен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған көмек қорына жіберілмек.
"Қазір біздің отандастарымыз, яғни үлкен отбасымыздың бір бөлігі үлкен сынақтан өтіп жатыр, ал біз мұндай жағдайда бей-жай қарап отыра алмаймыз. Біз осындай қиын уақытта қашанда бірге болып, көмекке мұқтаж жандарға қолымыздан келгенше жәрдем көрсетуіміз керек. Отандастарымыз қалыпты өмірге тезірек оралуы үшін біз "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", бұл қиындықты жұмыла жеңеміз деген сенімдемін", – деді лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.
Еске салайық, "Ақтөбе" футбол клубы матчтан түскен қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге аудару туралы шешім қабылдаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2081549-bei-zai-qarap-otyra-almaimyz-futbol-ligasy-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-komektesedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.