jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бей-жай қарап отыра алмаймыз": футбол лигасы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі

    Футболдан Қазақстан жасөспірімдер лигасының матчы
    Футболдан Қазақстан жасөспірімдер лигасының матчы. Фото: qjl.kz

    Футболдан Қазақстан жасөспірімдер лигасы (QJ League) cу тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QJ-лиганың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    20 сәуірде Таразда QJ League екінші маусымының ашылу матчы өтеді. "Тараз" командасы өз алаңында "Астананы" қабылдайды. Осы матчтың билеттерінен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған көмек қорына жіберілмек.

    "Қазір біздің отандастарымыз, яғни үлкен отбасымыздың бір бөлігі үлкен сынақтан өтіп жатыр, ал біз мұндай жағдайда бей-жай қарап отыра алмаймыз. Біз осындай қиын уақытта қашанда бірге болып, көмекке мұқтаж жандарға қолымыздан келгенше жәрдем көрсетуіміз керек. Отандастарымыз қалыпты өмірге тезірек оралуы үшін біз "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", бұл қиындықты жұмыла жеңеміз деген сенімдемін", – деді лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

    Еске салайық, "Ақтөбе" футбол клубы матчтан түскен қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге аудару туралы шешім қабылдаған еді.

    "Бей-жай қарап отыра алмаймыз": футбол лигасы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.