Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Тоқтарбек Айдарбек
Тоқтарбек Айдарбек. Фото: Республикалық сурдо дзюдо федерациясы

Түркістанда сурдо дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Тоқтарбек Айдарбек финалда оңтүстіккореялық Джунгму Янгты жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Республикалық сурдо дзюдо федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Тоқтарбек Айдарбек финалда оңтүстіккореялық Джунгму Янгты уақытынан бұрын иппон әдісімен ұтты.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде.

Ерлер арасында Айдос Түгелбаев (-90 кг) күміспен күптелсе, әйелдер арасында Анна Краморова (-78 кг) мен Екатерина Чебышева (+78 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Анастасия Тимошенкова (-70 кг), Еркебұлан Қанафин (-81 кг) және Сабыржан Хапизов (+100 кг) ел қоржынына үш қола жүлдені сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2084483-toqtarbek-aidarbek-surdo-dzyudodan-alem-cempiony-atandy/

pixel