jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 миллион доллар болатын жарыста бақ сынайды

    Кирилл Герасименко
    Кирилл Герасименко. Фото: ttfrk.kz/kz

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қытайда өтетін әлем кубогіне қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    15-21 cәуір аралығында Қытайдың Макао аймағында үстел теннисінен әлем кубогі өтеді. Бұл турнирдің жүлде қоры – 1 миллион доллар.

    Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко № 1 топта бақ сынайды. Оның қарсыластары – командалық, жұптық және аралас сында 7 дүркін әлем чемпионы Ван Чукин (Қытай), командалық сайыстан Азия чемпионы, жеке есепте және командада үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Ан Чжэ Хен (Оңтүстік Корея).

    Еске салайық, Кирилл Герасименко АҚШ-та өткен "WTT Feeder Corpus Christi 2024" халықаралық үстел теннисі турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді.

    Қазақстандық теннисші жүлде қоры 1 миллион доллар болатын жарыста бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.